ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандылық оқырманға екінші дүниежүзілік соғыс тарихынан сыр шертетін екі кітап жарық көрді

16:57, 30 сәуір 2015

Қос басылым «Ер есімі – ел есінде» және «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғыс жылдарында. Тылдағы балалар» деп аталады. Кітаптардағы ақпараттарды облыстық мемлекеттік мұрағат қызметкерлері тірнектеп жинағанын айтады. Мерейтойлық басылымды жинақтаудың өзіне бірнеше жыл уақыт кеткен

«Ер есімі - ел есінде» деп аталатын кітапта  екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында хабарсыз жоғалған немесе ауыр жарақаттан қайтыс болған боздақтар жайлы естелік жазылған.  Кітап екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде сұрапыл соғыста қаза тапқандар мен  іс-түссіз кеткендер тізімі қазақша- орысша енгізілген. Ал екінші бөлімде отты жылдардағы сарбаздардың жазған хаттары жарияланған.

Ал «Қарағанды облысы Ұлы Отан соғыс жылдарында. Тылдағы балалар» деп аталатын құжаттар мен материалдар жинағы мұрғаттағы деректер бойынша әзірленген. Мұнда ел басына күн туған кезде  тылда тынбай тер төккен  нәзікжандылармен қатар әлі буыны бекіп, белі қатпаған балалар жайлы айтылған. Қос басылым облыстық мұрағаттың қорында сақталған 1941-1945 жылдардағы фтотқұжаттармен материалдармен көрнектелген.

Ерлік жылдар жылнамасы - естелік басылымдар  500 дана таралыммен шығыпты.  Мұндағы деректер қазақстандық және ресейлік мұрағаттар топтамасынан құралған. Тұсаукесер рәсімінде мәні мен маңызы бөлек қос кітап ардагерлермен қонақтарға тегін таратылды.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...