ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Қазақмыс» корпорациясы соғыс және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

18:13, 28 сәуір 2015

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында оларға метериалдық және әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр. Солардың қатарында соғыс ардагері Николай Колпаков та бар. Биыл 90 жасқа келетін жеңіс солдаты жарты ғасырға жуық өмірін тау кен өнідірісіне арнаған

Соғыс және еңбек ардагері Николай Колпаков биыл 90 жасқа толады. Жарты ғасырға  жуық уақытын тау кен саласына арнаған. Бұл саладағы алғашқы жолын соғыс болмай тұрып бастаған екен.

1943-жылы Николай Колпаков соғысқа шақырылды. Байланысшылар ботальоны құрамында ол Маңғолия, Маньчжурияны жүріп өтті. Екінші Дүниежүзілік соғыс барысында солдаттардың жетіспеушілігінен ол бөлімдер мен девизияларды жиі ауыстырғанын айтады. 

48-жылы майданнан келгеннен соң, ол тау кен саласында жұмысын жалғастырды. Сүйікті жұмысымен қайта қауышқан Николай Колпаков бар білген тәжірибесін еңбек жолында көрсетті. Қушоқы ауылындағылар тек ардагер ретінде емес, оның еңбекқор қасиетін, жауапкершілігі зор азаматтығын, нағыз еңбек адамы екенін мақтанышпен айтады. Сондықтан әлі күнге дейін ардагердің алдында бас иеді. Ардагер өзін Астанада өтетін әскери шеруге қатысуға шақырғанын да айтады.

Николай Колпаков Жеңістің 70 жылдығын қалай мерекелейтінін жоспарлап та қойыпты. Майдангер «Қазақмыс» өткізетін салтанатты жиынға шақырылған қонақтардың тізімінде. Айта кету керек, Жеңістің 70 жылдығына «Қазақмыс корпорациясының» әзірлеген сыйы көп. Алып өндіріс орны түрлі шаралар өткізбек. Олардың басым бөлігі кезінде осы салада еңбек еткен соғыс ардагерлерінің мәселелерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар, директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайдың бұйрығымен  биыл барлық екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, майдан даласынан оралмаған олардың жарларына және тыл ардагерлеріне материалдық, әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...