ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Псков облысының, Монако селосынан Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қарағандылық солдаттардың мүрдесі табылған

17:53, 22 сәуір 2015

Батырлардың құрметіне сол жерде ескерткіш тақта ашылатын салтанатқа қарағандылықтар да баруға дайындалып жатыр

70 жылдан кейін немересі Алмас атасы Асау Дөкешов туралы ақпарат алды.  Ол Генерал майор Панфиловтың 8-ші атқыштар дивизиясында соғысыпты. Батыр 1944 жылдың 7 ақпанында Отан үшін ұрыс кезінде қаза болған. Бұл жәйтті ол кісінің жақындары білмеген де еді. Сұрапыл жылдары қан майдан болған жерде бүгінгі күнге дейін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен қазақтың қайсар қызы, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың сүйегін іздестіріп жүрген «Вахта памяти» халықаралық экспедициясының мәліметтері бойынша біздің  жерлестеріміздің соңғы соғысқан мекен-жайы анықталған. Псков облысының, Монако ауылынан Қарағандыдан Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған солдаттардың мүрдесі табылған. Қоғамдық қорлар арқылы, әскери бөлімшелер көмегімен кешегі майдангерлердің жақындарына іздеу жарияланды.

Майдан даласында қаза тапқан батырлардың құрметіне арналған Ресей Федерациясы, Псков облысындағы ескерткіш тақтаның ашылу салтанатына баратындардың бірі Алмас Сүлейменов. Оның атасы Сүлеймен Майкөтов 1944 жылдың 3 ақпанында мерт болды. Сол кездерден бастап оның артында қалған ұрпағы  аймағымызға  белгілі журналист, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы болған Рымқұл Сүлейменов көзі жұмылғанша  майданнан қайтпай қалған  әкесі туралы ақпарат іздеумен болыпты. Қайда жерленгенін біле алмай ол кісі де арманда кеткен.

6 мамыр күні Псков облысында соғыс кезінде қаза тапқан батырлардың  құрметіне арналған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтеді.Олардың қатарында  біздің жерлестіріміз де бар. Жолдың ұзақтығына қарамастан қарағандылықтар осы шараға баруға дайындық үстінде. Бабалар ерлігіне тағзым етіп, аруағына дұға бағыштау біздің перзенттік парызымыз дейді олар.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...