Балғындар кейуанның естеліктерін қызыға тыңдап, қалтарысы мол өмір өткелдеріне қанықты
Мария апай сұм соғыстағы аққан қан мен қызыл қырғынды көзбен көрген. 1941 жылы ол 7 жасында Украина жерінде балалық шақтың бал дәмін емес, кермек дәмін татты. Ал 1946 жылы анасы және бауырлары мен бірге Қазақстанға қоныс аударады. Қарқаралы ауданы Талды ауылында қой бағады. Еселі еңбек еш кетпеді. Көпті көрген әже Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасынмен марапатталған. Еңбек ардагері төс белгісінің иегері.
Кейуанамен кездесуге келгендер Ураина жайында деректі фильм тамашалады. Кеудені қысып, сартап болып сарғайған сағыныш асыл ананың көңілін толқытты. Мектеп ұжымы ардагерге сый –сыяпат жасауды да ұмыт қалдырмады. Қарияның оқалы иығына камзол жапты.
Тағылымды шара барысында өрендер қазақ -украин ақындарының шығармаларын нақышына келтіре оқыды. Балалардың дайындаған билері мен күйлері бір тудың астындағы ұлыстардың тату тірлігі мен мызғымас бірлігін айқындағандай.
Жанбота РАХМЕТУЛЛА