ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Приозерск қаласының тұрғыны, тыл ардагері Сергей Барсуков туралы репортаж

16:47, 14 сәуір 2015

Майдан жылдары әсіресе тылда еңбек еткендерге оңай болмады. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға шейін зұлмат соғыстың зардабын шекті. Солардың қатарында Сергей Барсуков та бар

Тыл ардагері Сергей Николаевич Барсуков соғыс басталғанда небәрі 7 жаста ғана еді.  Ол майдан даласында болмаса да, көппен бірге қақаған суық пен аптаған ыстықта күн демей, түн демей еңбек етті. Сол кездегі балалардың бал шақтары астық алқабында аш-жалаңаш күндермен өтті деп күрсіне еске алады ардагер. Сергей Николаевич ағасы және қарындасымен бірге фронтқа  азық-түлік жіберуге үлес қосқан.  Жеңіс үшін тылда қалғандар жанын шүберекке түйіп, 10-12 сағат аянбай тер төккен. Ол күндер тозақпен тең еді дейді кейіпкеріміз. Сергей Николаевичтің ғұмырының жартысы Псковск облысы Киров совхозында өтіпті. Одан кейін Сергей Барсуков Кентаудағы кен байыту фабрикасында смена шебері болып жұмыс істеген. Соғыстан кейін де әлеуметтік-экономикалық әлеуеті тоқырап қалған Отанның дәулетін көтеру үшін аянбай еңбек етті. Приозерскіге 1994 жылы қоныс аударыпты. Бүгінде немерелерінің ортасында бақытты ата.  Қазір Приозерскіде 17 тыл ардагері тұрып жатыр. Оларға биылғы Жеңістің 70 жылдығында барынша құрмет көрсетіліп жатыр. "Күркіреп күндей өткен" Екінші дүниежүзілік соғысқа  қатысқан әр адамның есімі мен ерлігі ешқашан өшпейді!

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...