ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда әскери қызметкерлер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Бүркіт Есжановты Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады

17:25, 9 сәуір 2015

Майдангерге Қазақстанның жаңа ғана тіктірілген салтанатты әскери киім формасын сыйға тартты

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Бүркіт Есжановтың шаңырағында тағы құтты қонақтар. Осы күні облыс басшылығынан бастап, мектеп оқушыларына дейін Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап келіп жатыр. Ал, бүгін «Астана» әскерлері қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Сұлтан Камалитдинов және 31-775 әскери бөлім қызметкерлері майдангерді құттықтау үшін арнайы келді. Құр қол келмей, кейіпкеріміз Отан қорғаған жылдарын еске түсірсін деген ниетпен әскери тағамдарды ала келген. Және ардагерге су жаңа салтанатты әскери киім формасын сыйлады. Қазақстан әскерінің бұл формасын енді Бүркіт ата Жеңістің 70 жылдығында өткізілетін шеруге киіп барады. 

Абыз ардагерді ардақтап келгендердің қатарында бүгінде әскери қызметте борышын мінсіз өтеп жүрген, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан алған Жасұлан Әшірбеков те бар. Ол ардагермен кездесуді асыға күткенін айтады. Себебі бұған дейін де жеңіс солдатының зұлмат соғыста танытқан ерлігі мен одан кейінгі жылдары еткен ерен еңбегі туралы көп естіген. Бүгінгі бейбіт күннің батырына Екінші дүниежүзілік соғыстың батыл жүректі ардагері ақылын айтты.

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар