ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды

18:14, 9 қараша 2015

Ол - Ұлы Отан соғысының ардагері. Екінші дүниежүзілік соғыста Польша, Венгрия, Румыния, Германия жерлерін жаудан азат етуге өлшеусіз үлес қосқан. Мерейтой иесін Қазыбек би атындағы аудан әкімі құттықтап қайтты

Зоя Андреевна өткен ғасырдың екінші жарты жылдығында Ресейдің Қорған облысында дүниеге келген. Балауса шағында наубайханада еңбек   еткен. Ол кезде қазіргідей емес, бар жұмыс қолдың күшімен ғана бітетіні белгілі, жүздеген келі қамырды ертелі-кеш илеу өзі сияқты жас қыздардың белін қайыстырып, білегін майыстырған. Бірақ, бойжеткенді бұл ауыр жұмыс емес, соғыс туралы суық хабар тез есейтті. Артынан іле-шала майданға алынып, Польша, Германия нлднрін басқыншылардын азат етуге қатысты. Торқалы тоқсанның төріне шыққан кейуана қазір немере-шөберелерінің қызығына бөленіп отыр. Ардагерді атқа мінер азаматтар да арнайы келіп құттықтап жатыр. Зоя Зырянова Қарағандыға 47 жылы қоныс аударған. Алдымен ұлағатты ұстаз болып, кейін институтта абыройлы қызмет атқарады. Ғасырға жуық ғұмыр кешіп отырған қазыналы қарияның жалғыз ғана арманы бар. Ол, әлбетте, жер бетінде қайтіп сұм соғыс болмасын.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...
Жеңістің 70 жылдығы Қарағанды қаласында тойланды
16:08, 9 мамыр 2015
Жеңістің 70 жылдығы Қарағанды қаласында тойланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...