ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Ардагер танкист тоқсанға толды

15:38, 18 қаңтар 2016

Ұлы отан соғысының ардагері, танкист Исмагил Галиуллин тоқсанның төріне шықты. Мәртебелі майдангерге Спасск аймағындағы 36-352 әскери бөлімінің қызметкерлері құрмет танытып, кеудесіне медаль тағып, ән-мен жырға бөледі. Өз кезегінде батыл жүректі қария қайта танкіге отырып, жас сарбаздарға өшпес ерліктің үлгісін көрсетті

90-ды тобықтан Исмагил Галиуллин брондалған танкіні жүргізуді әлі де ұмытпапты. Ардагер Спасск аймағындағы 36-352 әскери бөлімінің қызметкерлеріне танкіні тізгіндеудің қыр-сырын көрсетті. Қазыналы қарияның бұл ерлігін мақтан тұтып, өнеге аламыз дейді, әскерилер. Ардақты ардагердің шеберлігіне тәнті болған 36 352 әскери бөлімінің қызметкерлері таңғалысып қошемет көрсетті. Әсерлі әскери әндер, көңілді көріністер барлығы тек қарияның 90 жылдық мерейтойына арналып жатты. Торқалы тойға Ауған соғысының ардагерлері де келіпті. Олар Исмагил танкистің кеудесіне құрмет медалін тағып, жылы сөздерін жаудырды. Исмагил Галиуллин сұрапыл соғыста Т-34 танкісімен елді жаудан азат етуге атсалысқан. Сұм майдан жылдары Берлинді азат етуде ерлік танытқан.  Жеңіске жеттік деген қуанышты хабарды да танкі ішінде жүріп естіген. Спасскі полигон айлағында үш шақырым жерді айналып өткен Исмагил ақсақал танкіден түскеннон соңғы әсерін бізбен бөлісті. Осылайша, тоқсандағы Исмагил қария әлі де тың екенін көрсетті. Оның бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған ерлігіне жас ұрпақ мәңгі тағзым ететіні сөзсіз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
18:14, 9 қараша 2015
Қарағанды қаласының тұрғыны Зоя Зырянова 90 жасқа толды
Толығырақ...
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешовке Ресейде ескерткіш тақта қойылды
15:33, 29 мамыр 2015
Қарағандылық екінші дүние жүзілік соғыс ардагері Асау Дөкешо...
Толығырақ...
Жеңістің 70 жылдығы Қарағанды қаласында тойланды
16:08, 9 мамыр 2015
Жеңістің 70 жылдығы Қарағанды қаласында тойланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...