ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«TREI-Қарағанды» кәсіпорны кеншілер өңірінде көшбасшы өндіріс ошақтарының қатарына енді

14:38, 5 тамыз 2015

Технологиялық жүйе арқылы басқаруды еңгізумен айналысатын кәсіпорын 2012 жылы «Қазақстанның үздік тауары» конкурсында жеңімпаз атанған болатын

«ТREI-Қарағанды» кәсіпорны Қазақстандағы жоғары технологиялар саласында көшбастап тұр. Мұнда 2003 жылдан бастап республика бойынша алғашқы контроллерлер құрастырылған. Бұл барлық өнеркәсіпте технологиялық процесстерді автоматты басқару үшін қолданылатын өндірістік компьютерлер. Контроллерлер біздің елімізде жоғары сұранысқа ие бірігей құрылғы. Оны енгізу арқылы әрбір кәсіпорынның экономикалық деңгейін 20-30 пайызға ұлғайтуға көп мүмкіндік береді.

«Контроллерлерді» жинау және тестілеу барысы өте бәсең , тыныш жүргізіледі. Биылғы жылы компания 400 ге жуық модуль шығарды. Ол Қазақстанның әр аймағындағы ауа температурасына , климатына қалыптаса алады.

2012 жылы бұл кәсіпорын сапа көрсеткіші бойынша ең үздік жүлдені иемденді. Республикалық «Алтын сапа» конкурсында «Өндірістік саладағы үздік кәсіпорын» номинациясын жеңіп алды. Олардың өнімдерін мұнай , газ, энергетика мен металлургия саласы кәсіпорындары қолданады. Контроллерлердің техникалық мүмкіндігі тапсырыс берушінің талабына сай жабдықтарды таңдауға көмектеседі. Фирманың Павлодар, Атырау, Ақтау мен Өскемен қалаларында бөлімшелері бар.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...