ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысындағы кәсіпорындардың басым бөлігі өнімдерін «Қазақстанда жасалған» логотипімен шығаруды қолға алды

17:35, 25 мамыр 2015

Республикалық акцияға «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі де қолдау танытуда .Бірегей орталық дәрі-дәрмектерін жүз пайыз қазақстандық белгімен талапқа сай, нарыққа ұсынып жатыр

Мемлекет басшысының бастамасымен   ақпан айында «Қазақстанда жасалған» жалпы ұлттық акциясы басталғаны белгілі.Игілікті шараның мақсаты отандық өнімге сұранысты арттырып және ел кәсіпкерлеріне демеу көрсету.Акция аясында  отандық өнім өндіру үлесін дамыту бойынша ұлттық агенттіктің  өкілдері ой бөлісіп, пікір алмасты. Келелі басқосуда олар «Фитохимия» халықаралық ғылыми өндірістік холдингінің әлеуетімен танысты. Межесі ортақ қос тарап ынтымақтасты нығайту туралы меморурандумға қол қойды.

Ал арглабин дәрісі - фармацевтикалық орталықтың  әлемдік нарықта  брендті мен трендтіне айналды.  Препарат әсіресе онколгиялық ауруларға дауа. Енді мұнда жетпістен астам өнім түрлері  «Қазақстанда жасалған» логотиппен шығарылады.

Бұл акция әрбір отандық  тауар өндірушілердің   кәсібінің қарқындауына  мүмкіндік береді. Еліміздегі 18 мың  сауда орнында  өнімдер  қазақстандық белгісімен сатылымға шығып жатыр. Алдағы уақытта барлық  тауарларымызда осы логотип болатыны анық.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...