ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандылық тігінші қыз Жанна Айсенова жеке кәсібін жетілдіруде

14:44, 17 сәуір 2015

Ол дайын үлгідегі киімді ұсынбай, әр адамның дене бітіміне, талғамына сай ақылдаса отырып, ерекше көйлек үлгілерін тігіп шығарады. Алғашқыда бір өзі бастаған кәсібінің қазір аясы кеңіп, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр

Тігін цехында қазір жұмыс қауырт. Кезекті тапсырысты тұтынушының көңілінен шығатындай етіп тез арада дайындау керек. Ал ай сайын мұнда шамамен 60-қа жуық киім тігіледі. Ерекшелігі, еңбекқор ұжым дайын өнімді ұсынбайды, тұтынушының талғамына, дене пішіміне сай ақылдасып жасайды әр дүниесін. «Jais» деп аталатын отандық брендпен сатылатын бұл киімдердің бағасы да аса қымбат емес. 

Тігін цехының ашылғанына небәрі 9 ай болған. Алғашында кәсібін бір өзі бастаған Жанна Айсенова бүгінде өндіріс аясын ұлғайтып, 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Мұнда тек әйелдер киімі тігіледі. Күнделікті жұмысқа киетін көйлектермен қатар, көздің жауын алатын кешкі әсем көйлектерге де тапсырыс беруге болады. Бүгінде тігін цехының 150-ге жуық тұрақты тұтынушысы бар. Соның бірі - Салтанат Ысқақова.

Жанна Айсенова жарнаманы әлеуметтік желілер арқылы жасайды. Жақында киімдер көрмесін өткізген. Кәсіпкер жыл соңына дейін қалада дүкен ашып, дайын өнімдерді де саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатыспақ ниетте. Сонымен қатар алдағы уақытта ерлер мен балалардың киімдерін де тігуге бел байлап отыр.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...