ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Қазақмыс» корпорациясы қазақстандық өнім үлесін 70 пайызға дейін арттыруды көздеп отыр

15:09, 16 сәуір 2015

Бұл туралы Астана қаласында өткен «Қазақмыс» корпорациясының 6-форумында мәлім болды. Форумға еліміздің түпкір-түпкірінен 800-ге жуық ірі компания мен 300 ден аса кәсіпорын өкілдері қатысты

«Қазақмыс» тобының үздік әріптестері» номинациясы бойынша марапатталған 10 кәсіпорынның қатарында «Новатор» компаниясы да бар. Кәсіпорын 2001 жылдан бастап механикалық бөлшектерді өңдеу, дайындау, берік бұрандама әзірлеумен қатар жүк көліктеріне арналған басқа да  саймандар жасап келеді. Аталған компания «Қазақмыспен» қоян-қолтық әріптестік орнатқаны үшін жоғары марапатқа ие болды.

«Қазақмыс» корпорациясы отандық өнімді  қолдау форумын осымен 6 жыл ұйымдастырып отыр. Жыл сайын осы шара барысында бірнеше өндіріс ошақтары алпауыт компаниямен өзара әріптестік орнату мүмкіндігіне ие болады. 

«Моноқалаларды дамыту және кәсіпорындарды қолдау» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақмыс корпорациясы» облыстағы шағын шаһарларда кәсіпкерлікті дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаруда. 

Тек өткен жылдың өзінде «Қазақмыс» корпорациясы отандық өнім үлесін 69 пайызға дейін жеткізді. Ол кезде кәсіпкерлер тарапынан  167,8 миллиард теңгенің тұтыну тауары  мен қызмет түрлерін пайдаланған. Алда бұл көрсеткішті 70 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр алпауыт компания.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар