ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандылық Екатерина Рукшенененің жұмысы «Қазақстанда жасалған» логотипінің республикалық байқауында үздік деп танылды

17:13, 15 сәуір 2015

Енді еліміздің тұтынушылары отандық тауар өндірушілер өнімін қарағандылық дизайнердің логотипімен танитын болады. Республикалық байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен түскен 200-ден астам эскиз келіп түскен

Екатерина Рукшенене ойлап тапқан логотип қысқа да нұсқа. Автор  жаңа бүршік жарған әдемі гүлді қазақтың ою өрнегімен көмкерген. Бұл жаңашылдық пен байлықты білдіреді. Логотипке мемлекеттік стандартқа сай аспан көк түс таңдалған. Қосымша  «Қазақстанда жасалған»  сөзі жазылыпты. Республикалық байқауға түскен жұмыстарды бағалайтын коммисия  құрамында мәдениет қайраткерлері, суретшілер, мемлекеттік орган өкілдері, мұражайлар мен ұлттық галереялардың жетекшілері бар. Олар 200 ден астам автордың еңбегін іріктеген. Эмблема тауарды нарықта жарнамалаудың әмбебап құралы ретінде пайдаланады. Сондықтан қазылар алқасы тұтынушы қандай жағдай болмасын көзбен көрген кезде бірден есте сақталатын образды таңдапты. Қазірдің өзінде бірегей  логотип   еліміздегі  15 мыңнан астам сауда орталықтарына қойылған. Қазір әр өңірде  кәсіпкерлер мен  отандық тауар өндірушілер  арасында меморандумға  қол қойылып жатыр.  Бұл тұтынушылар мен саудагерлердің таңдауы тек «Қазақстанда жасалған» тауарлар мен өнімдерге түседі деген сөз.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...