ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды кондитерлік фабрикасы 2020 жылға дейін өнім көлемін 100 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр

17:49, 1 сәуір 2015

Жұмыс екі кезең бойынша жүзеге асады. Жаңа инвесторлар мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсіпорынға заманауи қондырғылар алып, әлемнің озық технологиясын өндіріске дендеп енгізбек

Балалық шақтың бал дәмі - Қарағанды кәмпиттерін білмейтін қазақстандық жоқ шығар. Осынау тіл үйіретін тәттілерімен танымал болған кондитерлік фабриканың ашылғанына келер жылы 60 жыл толады. Өкінішке қарай, осыдан оншақты жыл бұрын кәсіпорын өнімі байырғы дәмін жоғалтып, тұтынушы сұранысы түсіп кеткен еді. Алайда жаңа инвесторлар өндіріске озық технологияны енгізіп, отандық брендті қайта жаңғыртып жатыр, - дейді кәсіпорында 40 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан Вера Давыдова. Сонымен қатар фабрика кондитерлік өнімдердің орамдары мен қораптарын да көз тартарлықтай етіп өзгерткен.

Кондитерлік фабрика жылына 5 мың тоннаға жуық өнім шығарады. Тәтті тағамның 93 түрі ел нарығымен қатар, көршілес Ресейге, тіпті, Германияға да экспортталады. Өнім сапасының жақсаруы кәсіпорын табысын да еселеген. Соның нәтижесінде фабрикада еңбек ететін 500 адамның жұмыс орны сақталып қалды. 

Келешекте кәсіпорын өндіріс қуатын ұлғайтпақ. 2017-ші және 2020-шы жылға дейін екі кезең бойынша жүзеге асатын жаңғырту жұмыстары өнім көлемін 100 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бермек. Ол үшін мемлекеттік бағдарламаға қатысуды жоспарлап отырмыз, - дейді кондитерлік фабрика басшылары.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...