ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жаңаарқа ауданында «Қазақстанда жасалған» өнімге сұраныс зор

14:57, 30 наурыз 2015

Бидайық ауылының кәсіпкері Ғалия Отарбаева «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша төмен пайызбен несие алып,тойхана құрылысына отандық құрылыс материалдарын қолдануда

Ғалия Отарбаева Бидайықта бос тұрған нысанды күрделі жөндеуден  өткізіп, тойхана етіп жасауды ұйғарады. Нәзікжан  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында  3миллион теңге несие алып кәсібін кеңейтуге бел буады.Бұл қаржыға қоса Ғалия  өз қалтасына 3жарым миллиондай ақша жұмсаған.  Кәсіпкер  асхананың іші мен сыртын қалыпқа келтіру үшін құрылыс материалдарын  еліміздің Ақтөбе, Семей Теміртау Қарағанды  қалаларынан тапсырыспен алдыртыпты.

Жобаның жалпы құны 20 миллион теңгені құрайды. Нысанның аумағы 470 шаршы метр. Тойхана 300 адамға шақталған. Ас үй және қонақ залы бар. Бүгінде құрылыс жұмыстарының  жетпіс пайызы тәмамдалыпты. Асхана ел игілігіне берілгенде 4 жаңа жұмыс орны ашылады.  Бұйыртса Бидайықтағы бұл тойхана шілде айында  есігін айқара ашып, қызмет көрсете бастайды. Осылайша жергілікті жұрт ешқайда қоныс аудармай, ауылды  өркендетуге үлес қосады.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...