ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жаңарқа ауданында «Бірлестік» шаруа қожалығы «Бизнестің жол картасы» жобасы аясында 49 миллион теңгеге электр желісін тартты

17:03, 27 наурыз 2015

Кәсіпкер жапан далада төрт түлігін түлетіп, өлкенің дамуына өлшеусіз үлес қосуда. Қожалық жетекшісі 12 адамды жұмыспен қамтып отыр

Қуат Ахметов «Бірлестік» шаруа қожалығын  1998 жылы ашқан. Алғашқы уақытта  шаруа аздап қиналғанымен кейін адал еңбектің жемісін көре бастайды. Дәл қазіргі күні мұнда 200 жуық ірі қара өсіріледі.Бұдан бөлек   етті және  сүтті  Семантоль Әулиекөл, Ақбас асыл тұқымды  36 бас сиыр бар. Бір жылда қожалық ауданға 120 тонна сүт тапсырады. Нәтижесінде  кәсіпкер мемлекет қолдауына ие болып  ірі қара мен сүтке  3миллон теңгеден астам  субсидия алған.  

Қыстақ тағы бір  бағдарламаның  игілігін көруде. «Бизнестің жол картасы» жобасы арқасында 26 шақырым аумаққа құны   49 миллион теңгеге  электр желісін тартылыпты. «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір» деген қанатты сөзді  Қуат ата жақсы біледі. «Бірлестікте» бүгінде  680 бас қой бағылуда.Малдың иесін танып киесін білген азамат  келешекте  шопан ата баласының санын  2000-ға жеткізбек. Сонымен қатар қожалық иесі  қазақтың жабы тектес 200 жуық  жылқысын  жайылымға жіберген. Қамбар ата тұқымын асылдандыруды жоспарлау үстінде.

Өткен жылы кәсіпкер 200 гектар жерге егін салған. Былтыр қамбаға 100 тона астық құйыпты. Биыл да егістік науқанына сақадай сай. Бес трактор  мен екі комбайн заулап тұр. Шаруаның иелігіне   жеті мың гектардан  астам жер тиесілі. Қуат Ахметов   қарамағындағы 12 жұмыскерге әр ай сайын   50 мың теңгеден еңбекақы төлейді.  Кәсіпкердің  қол астындағы  еңбеккерлердің  электр жарығы мен  тамағы тегін.

 

Жанбота РАХМЕТУЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар