ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Алдағы екі ай көлемінде Қарағанды облысындағы тауар өндірушілердің өнімі өз логотиптік белгілерімен сатылымға шығатын болады

16:18, 18 наурыз 2015

Бұл қазақстандық тауарларды нарықта танымал етудің бірден бір жолы

Алқалы кеңеске облыстық сауда орталықтарының жетекшілері мен кәсіпорын басшылары жиналды. Талқыланған басты мәселе  жергілікті тауар өндірушілер өнімінің әлеуетін арттыру. Бұл бағытта қазір елімізде  «Қазақстанда жасалған» акциясы жүріп  жатқаны белгілі. Нәтижесінде аймақтағы 176  дүкендердің сөрелерінде «Қазақстандықты таңда» логотипімен отандық тауарлар қойылған.

Жиналыста сөз алған кәсіпорын басшыларының әрқайсысы өз өнімдерінің артықшылықтарын жарыса айтты. Олар  Қарағандылық тауарлардың  сапасы жоғары  әрі қауіпсіз деп санайды.  Тағы бір тиімділігі  өнімнен түсетін табыс шет елге кетпейді, өзімізде қалады. Бұл мыңдаған жұмыс орнын ашудың, экономикамызды мығымдаудың  кепілі.

Отандық өнімдерге деген сұранысты арттырудың  негізгі тетіктер алқалы кеңесте белгіленді. Тауарлардың әлеуетін арттыру  үшін алдымен брэндтік  белгіғ нышандар түзілуі  керек.   Мысал ретінде қарағандылық кәсіпорындардың ерекше стилде жасалған логотиптері қарастырылды.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...