ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда «Қазақстанда жасалған» акциясы жалғасын тапты

17:55, 6 наурыз 2015

Елімізде Президенттің бастамасымен «Қазақстанда жасалған» акциясы жер-жерлерде өткізіліп жатқаны белгілі. Шара Қарағанды облысында да жалғасын тапты

Бұрынғыдай емес, бүгінде аймағымызда халықтың сұранысын қанағаттандыратын өнімдер өндіретін өнеркәсіптер өң беруде. Солардың бірі – Майқұдықтағы жылыжай. Күніне екі тоннадан артық қияр шығаратын кешен Қарағанды мен Астананың нарық сұранысын еңсеріп, бүгінде өнімді Ресейге де жіберуде.

Сауда сөрелерінен азық-түлік өнімдерінің түр-түрін табасыз.  Оның үстіне, бүгінде жергілікті өндірушілер ассортименттен кенде емес. Бағасы көңілге қонымды болғанымен, сапасы да сырттан тасымалданатын тауарлардан еш кенде емес. Тек, біздің Қазақстанда жасалған өнімдерге әзірге жарнама әлсіз.  

Бүгінде тауар өндірушілер мен ірі сауда желілері арасында отандық өнімдерді қолдауға бағытталған келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Асима БҰХАРБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...