ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жаңаарқа ауданы сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіру бойынша алға басып келеді

16:51, 24 ақпан 2015

Сүт өңдеу және өндіру бойынша Жаңаарқа ауданы облыс бойынша оқ бойы озық шықпақ

Өмірзақ Балажанов 2014 жылы«Сыбаға» бағдарламсы арқылы 10 миллион теңге қаражатқа қол жеткізіп,  сүтті сиыр тұқымын сатып алыпты. Бүгінде 120 сауын сиыры бар. Жылына 80 бұзау ертетін жергілікті  сиыр тұқымы тиімді, дейді шаруа. Қыстың өзінде бір күнде 350 литр сүт алынады. Ал жазғытұрым 600 литрге жуықтайды екен. Мемлекеттік қолдау арқылы сүттің әр литріне деген субсидияны да үзбей алып келеді.

Өмірзақ сынды шаруалардың көбі сүтті облыс орталығынан келетіндерге өткізеді. Ал, Атасу кентінде 2009 жылы агронесиелеу жолымен  62 миллион теңгеге  ашылған мына сүт фабрикасының жұмысы тұралап тұр. Кәсіпорын қазір маңайдан аз-маз сүт жинап, соны фирмаларға тасымалдаумен ғана айналысып отыр. Толықтай іске қосу үшін фабрикаға 50 миллион теңге қаражат қажет.

Кәсіпорынның Болгариядан әкелінген мына қондырғылары тәулігіне 30 тонна сүт өңдеп, 15-ке жуық өнім түрлерін шығаруға қауқарлы. Ауылшаруашылығында осындай ірі өңдеуші кәсіпорын ашу арқылы біз отандық өнім мөлшерін арттырамыз, дейді фабрика иесі.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...