ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысында жаңа кен-байыту комбинаты ашылады

14:52, 24 ақпан 2015

Қарқаралы ауданына қарасты Теректі ауылының маңындағы жаңа кенішті игеру мақсатында сәуір айында ірі индустриялдық жоба іске қосылады

 «Алтай полиметалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты мұндай ашық тау-кен байыту  комбинаты әлем бойынша саусақпен санаулы ғана. Кәсіпорын негізінен алтын, күміс және мыс өндіретін болады. Қазірдің өзінде жобаның құрылыс жұмыстары 80 пайызға орындалды. Теректі ауылы маңындағы кен орнында 100 жылдан астам уақытқа жететін табиғи қазба-байлық бар. Тіпті одан да көп болып шығуы мүмкін, деген болжаммен геологиялық-барлау жұмыстары жалғасып жатыр. Мұндағы кен құрамында сапасы жоғары алтын, күміс және мыс мөлшері мол. Корейлік инвестор келешегі зор жобаны жүзеге асыру үшін 12 миллиард теңгеден астам қаржысын құйған.

Кәсіпорында 180 адам еңбек етуде. Келешекте толық қуаттылығына шыққан кезде жұмысшылар саны  300-ге дейін жетпек.

 Корейлік инвестор бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де немқұрайлы қарамайтындығын әу дегеннен білдірді. Жапан далада мал бағып отырған Теректі ауылының тұрғындары мен сырттан келген жұмысшылар үшін қыруар шаруаны тындырған. Көп қалада жоқ спорттық кешен, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар соның айғағы, дейді аудан басшылығы. Кәсіпорын тарапынан Теректі ауылының жолдары да толықтай жөнделіп берілмек. Бұған қоса жергілікті мектептің барлық шығынын өз мойнына алып отыр.

Руслан АМАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...