ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысының зергерлері мен қолөнер шеберлеріннің туындылары ұсынылған «Сарыарқа жәдігерлері» атты көрме қалың қауымның басын қосты

17:03, 23 ақпан 2015

Көрмеге ұлттық бұйымдар мен эксклюзивті жәдігерлер, тұрмыстық заттар қойылды. Ең ерекше әрі көздің жауын тартатындары біздің облыстың атынан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға жолдама алады

Көрмені тамашалауға келгендердің қарасы ерекше көп. Сәндік-қолданбалы өнерді бағалайтындар назарына қолөнер шеберлері өздерінің ең үздік жұмыстарын ұсынды. Марина Горина бірінші рет көрмеге қатысып отыр. Ісмер шүберектен тұрмысқа қажетті заттар тігеді. Және барлық туындыларында киізді пайдаланады. Бұл материал адам денсаулығына өте пайдалы. Тамырдың сыздауы мен қан айналымын жақсартып, аллергия ауруларын емдеуге көмегі көп дейді ол.

Көрмеге қатысушылар арасында бәсекеге қабілеттіліктері мен қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырушылар байқау жариялаған. Үздіктері сыйлықтармен марапатталатын болады. Айта кету керек, «Қазақстанда жасалған» деген тақырыппен мұндай конкурс өткізу туралы идеяны «Шебер» қоғамдық ұйымы, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен «Нұр Отан» партиясы жүзеге асырды.

Ең үздік жұмыстар Қарағанды облысының атынан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне жіберіледі. Олардың тізімі Наурыз мейрамында белгілі болады.

 

Асылбек ТОЙБЕК

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...