ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды диірменінде тартылатын ұн бірқатар шет елдерге де тасылмалдануда

15:54, 19 ақпан 2015

70 жылдан астам тұтынушылар талабын қанағаттандырып келе жатқан ірі комбинат тәулігіне үш жүз тоннаға дейін өнім шығарып жатыр

Бидайды тазалайтын да, астық дәніндегі белок құрамын анықтап, кептіріп, дымқылдығын бақылайтын 16 станоктың жұмыс барысын жалғыз компьютер мен жалғыз жұмысшы қадағалап отырады.

Жаңа технологиялардың арқасында барлық жұмыс автоматтандырылған. Мемлекеттің « Бизнестің жол картасы 2020» және «Индустриаландыру картасы» бағдарламаларының арқасында комбинат жақын жылдары үшінші жаңғыртуды бастан өткеріп, жаңа тынысын ашты. Нәтижесінде, жоғары сұрыптағы ұн шығаруға мүмкіндік алды.

Бұрынғыдай емес, бүгінде бәсекелестік көп. Нарық сұранысын қанағаттандыру үшін жоғары сапа қажет. Қарағандыдағы ұн тарту комбинаты 74 жыл қатарынан тұтынушылардың сенімін ақтап келеді.    

Комбинатта 250-ден астам адам еңбек етеді. Жұмыстары тұрақты, еңбекақылары жоғары.

Ұн комбинаты өнімді сырттан алмайды, өзіміздің құнарлы топырақтың ақ бидайын өндіріп жатыр. Яғни, шикізат үшін шетелге телмірмейді, өзгенің өніміне тәуелді емес. Ұнның бірінші, екінші сұрпын да, керек десеңіз жоғары сұрыптағы өнімді де өңір өнеркәсібінен табасыз. Мал шаруашылығына қажетті кебек те осында. Ас атасын алыстан іздеудің қажеті жоқ, дәмдісі де, тәттісі де Қазақстанда жасалады.   

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...