ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда тасымалдаушылар мен тапсырыс берушілердің арасындағы әріптестік бойынша аймақтық форум өтті

17:34, 18 ақпан 2015

Кездесу барысында үшжақты меморандумға қол қойылып, қарағандылық тауар өндірушілер мен ірі өндірістік кәсіпорын өкілдері бір-бірімен жақын танысты

Бұл күні аймақтағы 8 ірі кәсіпорын өкілдері өзара әріптестік жайлы келісімшартқа отырды.  Бір-бірімен пікір алмасып, жақынырақ танысқан олар жоспарларымен бөлісті.

Форумның негізгі мақсаты ішкі сұранысты нығайту. Сондықтан аймақтағы кәсіпорындар мен тапсырыс берушілерді бір арнаға тоғыстыру, жергілікті өндірушілердің тауарларын қолдауға көмек көрсету жолдары жиын барысында кеңінен айтылды.

Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы барлық қазақстандықтарды отандық өнімдерді қолдауға шақырған еді. Жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалану керектігі баса айтылды. «Мықты бизнес-қуатты мемлекет» форумын ұйымдастырушылар да осы бастаманы қолдайды. Оған Қарағанды облысындағы 30- ға жуық қабілетті тапсырыс беруші мен Астана ЭКСПО-ның нысандар құрылысына қатысып жатқан мердігер компаниялар, жүзден астам өнеркәсіптік тауар өндірушілер қатысты. 

Кездесу соңында Қарағанды облысы әкімдігі, аймақтық кәсіпкерлер палатасы және ірі өндірістік кәсіпорындар арасында үшжақты әріптестік меморандумына  қол қойылды.

 

Лейла НҰРҒАЛИЕВА 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...