ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Бұқар жырау ауданында мал бордақылау алаңы ашылады

15:21, 18 ақпан 2015

Бұқар жырау ауданының Үштөбе селолық округінде 3000 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр. Сонымен қатар, мұнда ет комбинаты мен тері илеу цехы да болады. 100-ден астам жаңа жұмыс орыны ашылады деп жоспарлануда

Өткен жылы құрылысы басталған 3000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңында бүгінде қоралар мен жұмыскерлерге арналған үйлердің қабырғасы қаланып жатыр. Инфрақұрылымы талап үдесіне сай жасалуда. Жобаның жалпы құны 1 млрд. 274 млн. теңге. Оның 740 млн. теңгесі «Казагрофинанс» АҚ арқылы қаржыландырылған. Бұл Қарағандыдағы алғашқы ірі мал бордақылау алаңы болмақ. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев жобаның жүзеге асу барысымен танысып, құрылыс қарқынын көрді.

Ал асыл тұқымды малдар Моңғолия мен Ресей елдерінен әкелінеді. Бордақыланған жас малдың салмағы 312 келіге дейін жетеді деп болжап отыр шаруа қожалық иесі. Жоғары сапалы өнім өндіру үшін халықаралық стандартқа сай техника мен құрал-жабдықтар қолданылады. Мұнда ет өнімдері шығарылып, терілер иленетін болады. Мал сою бекеті де қарастырылған. Жаңадан 100-ден астам жұмыс орындары ашылып, жергілікті ауыл тұрғындары еңбекпен қамтылмақ.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...