ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды облысының әкімі «Волынский» агроөнеркәсіп кешенінде биогаз өндіретін заманауи құрылғылармен танысты

16:50, 12 тамыз 2015

Енді бұл жерде шошқа фермасынан шығатын биологиялық қалдықтарды өңдеу арқылы электр және жылу энергиясын алады. Мұндай бірегей цех Қазақстанда жоқ екенін айта кету керек

Электр және жылу энергиясын малдың тезегінен алу жобасын Бұқар жырау ауданындағы Волынский» агроөнеркәсіп кешені қолға алған. 1200 шаршыметрлік 20 реакторы бар биогаз өндіретін құрылғы бұл. Мұндай жобаның құны 350 млн.теңгені құраған. Әзірге ауылшаруашылық кешен бұл газды өздерінде ғана пайдалануда. 

Мынау көлемі 60 куб 6 газгольдер деп аталатын бөшкенің ішінде биогаз сақталады. Құрылғы жылына 3000 мегават электр және 4000 мегават жылу қуатын өндіреді екен.

Бұқар жырау ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі тағы бір нысанды аралап көрді. Мынау цехта шұжықтың 10 түрі шығарылады. Мамыр айында жұмысын бастаса да бүгінде дүкендердің сөрелерінде самсап тұр. Халықтың сұранысына да ие болып үлгерген.  Жобаның қуаттылығы жылына 10 тонна шұжық өнімдерін жасау.

Жалпы бұл агроөнеркәсіп кешенінде, яғни балық шаруашылығы, биогаз өндірісі мен шұжық цехында 200-ден астам адам еңбек етеді. Бірақ кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыты – 2004 жылдан бері қолға алынған шошқа өсіру шаруашылығы. Қазіргі уақытта бұл жерде 30 мың шошқа бар.

 

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...