ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қолөнерін кәсіпке айналдырған шебер

17:18, 12 ақпан 2016

Қарағандылық Галина Переплеткина нағыз былғарыдан әмиян, сөмке, белдік, тіпті кітаптың тысын да жасайды. Оның қолынан шыққан бұйымдар жыл сайын қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі көрмелерге қойылып жүр

Галина Переплеткина ине мен жіпті жанына жастайынын серік еткен. Алайда  былғарыдан түрлі бұйым жасауды  5 жыл бұрын бастаған. Оның бірінші  жұмысы әмиян.  Бұл тәсілді меңгеріп алған соң  ол белдік, қобдиша тігеді.  Қажетті материалдарды шебер Америкадан алғызады екен. Ине,бау, қалып тірізді мамандандырыған құрылғылардың түгелі  шетелдің өнімі.  

Шебер былғарыдан бұйым жасау қиын екенін жасырмайды. Материалды дымқылдатып, оған таңдаған суреттің пішінін салу оңайға соқпайды, әрі бірталай уақыт алатын көрінеді.  Дегенмен шебер еңбектеріне  қазақ ұлттық нақыштағы оюларды өрнектегенді ұнатады екен.  Жануарлар мен құстар бейнесі де туындыларында көрініс тауып жатады.  

Бір туындыны жасауға шебердің 2 күннен 2 аптаға дейін уақыт кетеді. Шебердің туындылары қарағандылықтар арасында сұранысқа ие. Тіпті белдік, әшекей бұйымдарына тапсырыс көп берілетін көрінеді.  Алдағы уақытта Галина Переплеткина кәсібін одан әрі дөңгелетіп өз шеберханасын ашуды жоспарлап отыр.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...
Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ киім» фабрикасы ерекше орын алады
16:23, 18 қаңтар 2016
Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ ки...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...