ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Қазақстанның үздік тауары-2016»

14:08, 8 қыркүйек 2016

Үш номинация бойынша жеңімпаздарға бизнес-қауымдастықтар наградалар тапсырды

Кәсіпкерлер жергілікті халықтың ғана емес, сондай-ақ, шетел тұтынушыларының сұранысына да сай бейімделуде. Қазіргі таңда ұлттық үлгідегі кәдесыйлар ерекше сұранысқа ие. Қазақ халқының салт-дәстүріне америкалықтар, немістер және жапондар зор қызығушылық танытуда.  Шетелдіктер кәсіпорын өнімдерін сатып алуға құлшыныс танытып отыр.
13 жыл бұрын Ғабит Қанатбаевтың ұлттық өнімдер жасауға деген қызығушылығы оянған. Бүгінде кәсіпкердің өнімін Беларусь, Хорватия елдерімен қатар, көршілес мемлекет өкілдері де ала бастаған.

Қолөнер бір кездері тәуекелге бел буып кәсібін бастаған Ғабит Қанатбековтың отбасылық бизнесіне айналған. Жары киіз үй жабдықтарын жасаумен айналысады. Көрпе, жастық тігу үшін өзінің шағын цехын ашып қойған. Ұлы да отбасылық өндірістің өркендеуі үшін атсалысып, жиһаздар жасайды. Қыздары болса маңызды көрме конкурстарда жұртшылық назарына ата-анасының шебер қолынан шыққан өнімдерін ұсынады. Мысалға, мынадай киіз үйлер 1,5 –нан 10 миллионға дейін бағаланады. Бүгінде қанатын кеңге жайған кәсіпкер бұл жетістікке жету үшін жұмысты алғаш жалғыз ғана шам жарығы бар жертөледе бастаған.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін мемлекет назардан тыс қалдырмады. Олар бизнесті бастауға арнайы гранттар жеңіп алып, кәсіптерін өрлетуде. Шахтинскіден келген алтын қолды шебер де осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланып отыр. Кәсіпкер Дәулет Байғұлақов зергерлік жабдықтар мен қымбат бұйымдар салатын қаптамалар жасайды. Сапалы өнімін ол тек ел аумағында саудалап жатқан жоқ.

Бұл жоба - импортты алмастыру жөніндегі жұмыстардың  жарқын үлгісі. Кәсіпорын «бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау тапқан. Өндірісті дамыту үшін кәсіпкер үш миллион теңгенің грантын жеңіп алды.  Дәулет Байғұлақов бұл қаржыға  қажетті жабдықтар сатып алып, жаңа желісін ашты. Интернет арқылы - компания өнімдерін жарнамалау жолын тапқан. Осылайша, «TumarKZ» «Якут Алтын» және «Якут Diamonds» секілді атақты компаниялармен жұмыс істей бастады. Сондай-ақ «Даму» қоры арқылы несие алып,  өндірісін кеңейтіп келеді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...
Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ киім» фабрикасы ерекше орын алады
16:23, 18 қаңтар 2016
Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ ки...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...