ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды

18:39, 29 тамыз 2016

Конституция күні қарсаңында қаламызда айрықша дүкен ашылды. Енді кез-келген тұтынушының «Қазақстанда жасалған» деген сауда белгісі бар тауарларды таңдап жүріп алуына мүмкіндік туды. Қазақстанда жасалған бренд белгісі бар бұйымдар , жейделер, шұлықтар мен спорттық киімдер қазір кең таныла бастады.

Бұл ерекше дүкен жеңіл өнеркәсіп өндірушілер кеңесінің бастамасымен, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр. УниверMAG» жобасы аясында бұл Қазақстанда ашылып отырған екінші дүкен. Шараға қатысқан өңір басшысы халықты жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға шақырып өзі де осы дүкеннен отандық өнімді алғашқылардың бірі болып сатып алды.

Қазақстанда жасалған бренд белгісі бар маталар, бұйымдар , шұлықтар мен спорттық киімдерге тұтынушының көзі  үйрене бастады. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттардың да сан алуан түрін осы дүкеннен таңдап жүріп алуға болады. Отандық өнімдер сапа жағынан импорттан бір де кем емес. Ал, бағасы қалтаны қақпайды. Қазақстандық өнімдердің сауда алаңы жеңіл өнеркәсіпті қолдап , өзара бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.

Дүкеннің салтанатты ашылу рәсімінде  қаламыздағы бірнеше отбасыларға 150 мың теңгелік  сертификаттар  сыйға тартылды. Көпбалалы ана Гауһар Әбілдина осындай  сертификаттардың біріне ие болған жан. Балаларымен бірге керегін таңдап, мектепке қажетті заттарын да түгендеп алды. 

Бұл дүкенде еліміздің барлық аймағында өнірілітін тауарларды т абуға болады. Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан  де киімдерін осы жерден  сатып алуға болады. Сөз соңында «Қазақстанда жасалған» тауарлар дүкені қаламыздағы «Таир» сауда үйінің үшінші қабатында орын тепкенін айта кетейік. 

Лейла ЕСКЕНҚЫЗЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ киім» фабрикасы ерекше орын алады
16:23, 18 қаңтар 2016
Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ ки...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...