ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандылық құрылысшылар небәрі 5 ай ішінде тоғыз қабатты үйді салып шықты

11:30, 3 қараша 2015

Бұл әмбебап материалдардың арқасында мүмкін болды. Мұндай үлгідегі құрылысты одан әрі дамыту аймақта жоспарланып отыр

«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында ашылған бұл кәсіпорын екі үлкен автоматты желімен жабдықталған. Мына қалыптарға алдымен бетон құйылып, оның үстінен  жылу сақтағыш материал төселеді. Мықты етіп  арматуралары бекітіліп,  үстінен қайта бетон құйылады. Сөйтіп жоғары температуралы камерада әбден кептіріледі.

Өлшеміне қарай мұнда 3 бөлмелі пәтер көлеміне шақ дайын панель қабырғалар құйылады. Әмбебап желілердің арқасында 2-3 күн ішінде 450 шаршы метр тұрғын үй құрылысына қажетті материалдың түр-түрі әп-сәтте дайын болады.  Бұл көп қабатты үйді кәсіпорын жанынан жасақталған құрылыс компаниясы салды. Жалпы аумағы 16 мың шаршы метрден асады.  Қазір әрлеу  жұмыстары аяқталып қалды. Тәуелсіздік күніне орай 252 отбасыға осы үйден пәтерлер берілмек.

Салынған үйдің сапасына Германиядан келген мамандар да жақсы баға берген. Келер жылы компания Астана қаласында  бірнеше нысанның құрылысын бастамақ.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...