ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласы тарихында «Қарағанды аяқ киім» фабрикасы ерекше орын алады

16:23, 18 қаңтар 2016

Кәсіпорын осы күнге дейін жұмыскерлерге арналған бәтеңкелер мен етіктер тігетін. Ал жақында мұнда тағы бір жаңа желі іске қосылып, модельді аяқ киімдер шығарыла бастады. Сөйтіп, жалпы халық тұтынатын отандық аяқ-киімдер өндірісі өркен жаймақшы

Кәсіпорын жылына 40 мың жұп аяқ-киім тігеді. Мұндағы мамандар шахта, зауыт-фабрика жұмыскерлеріне арналған бәтеңкелер мен етіктердің 16 түрін  ойлап тапқан. Жылдың төрт мезгіліне арналған бұл аяқ-киімдер өте төзімді, - дейді олар.

Кәсіпорын бүгінде  нарық икемімен жұмыс істеуге кіріскен. Жақында фабрикада жаңа желі іске қосылып, мынадай модельді аяқ-киімдер тігіле бастады. Мына таза былғарыдан жасалған туфли шамамен 7 мың теңге тұрады. Ал импорттық дәл осындай өнім екі есеге қымбат.

Аяқ киім фабрикасында жаңа нарық талабына сай өнім түрін көбейтуге байланысты қазір Ғосман Арынғазиев бастаған мамандар тыным таппай еңбек етуде. Мақсат Қарағанды аяқ киім фабрикасын бәз-баяғы танымал деңгейіне жеткізу. Сол үшін үнемі ізденісте.

Кезінде аяқ киім фабрикасы өзінің оқу комбинаты болғанына қарамастан, мамандар тапшылығы сезілген.  Алайда, жетпейтін, жұмыс күшінің мәселесін  жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларын қамту арқылы шешу үрдісі болған. Кәспорында маман тапшылығы әлі бар.

Фабрикада бұған дейін 100 адам жұмыс істесе, енді  модельді аяқ киімдер жасалатын жаңа желі іске қосылғалы тағы ондаған адам еңбекке тартылып отыр. Оларға заманауи қондырғыларды басқарудың қыр-сырын кәсіби мамандар үйретіп шықты. Бұған қоса кәсіпорын жанында тері илейтін жаңа цех жұмыс істейді Соның арқасында былғары өзімізден шығарылып,  өнімнің сапасы артты, бағасы арзандады,-дейді фабрика басшылары.

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН»  тауарлар дүкені ашылды
18:39, 29 тамыз 2016
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» тауарлар дүкені ашылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...