Жезқазған қаласында осыдан 72 жыл бұрын ұрпағына жеңіс сыйлаған 9 ардагер бар

12:42, 9 мамыр 2017

Жасы тоқсаннан асса да олар жеңіс күнін жерлестерімен бірге қарсы алуды дәстүрге айналдырған. Осы жолы да майдангерлер ауқымды шараның ортасынан табылды

Арада жетпіс екі жыл өтсе де жүректе қалған жара жазылмақ емес. Бүгінгі ұрпақ үшін қуанышты мереке саналғанымен қан майданда оқ пен оттың ортасында жүріп қарулас достарынан айырылған ардагерлердің жүзінен сарғайған сағынышты байқауға болады. Жылдар алмасқанымен бейбіт өмір сыйлаған жеңімпаздардың ерлігі ұмытылмайды. Соғыс ардагерлерінің ұрпақтары осы мақсатта «Мәңгілік полк» акциясына қатысты. Арнайы көліктерге жайғасқан жеңімпаздар бастаған көпшілік шеру - Бейбітшілік даңғылынан бастау алды. Қаланың бас көшесі Алашахан бойымен жылжып, мәңгілік алау монументіне аялдады.  Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза болған жауынгерлерді үнсіздікпен еске алды. Алаш алаңында тігілген киіз үйлерде ардагерлерге құрмет көрсетілді. Әскери шатырда, майдан асханасынан әскери ботқаның дәмін татты. Мерекелі шара одан әрі өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты. 

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар