Мерекелік іс-шара орталық алаңдағы митингіден бастау алды. Соғыс ардагерлері мен еңбек және тыл ардагерлеріне,сондай-ақ интернационалист жауынгерлерге айрықша құрмет көрсетілді. Салтанатты шараны алдымен Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов ашып, құттықтау лебізін жеткізді
Сұрапыл соғыста жауға қарсы келіп, мойымай, елі мен жерінің болашағы үшін ерлік танытқан ардагерлер үшін бүгінгі қол жеткзіген тәуелсіздік қымбат. Сұм соғысты көзімен көрген майдангер, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Шермұхамбет Байбосынов осылай- дейді. Сәтбаев қаласындағы митингке тұрғындардың көбі Фашистік Германияны жеңуге қатысқан соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін таныстыру мақсатында балалары мен немерелерін ерітіп келді. Мектеп оқушылар майданда ажал құшқан сәтбаевтықтардың суреттерін ұстап тұрса, тұрғындардың бірқатары соғыста ерлікпен қаза тапқан әке, аталарының суреттерін ала келген. Митингтен соң көпшілік Даңқ алаңына бет түзеді. Жеңіс саябағында кешегі майданда опат болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Осы жерде әскери шатыр мен киіз үй тігіліп, жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.