Ардагерін ардақтаған жұрт «Мәңгілік ел» стелласы алдына жиналды. Бұл жерде соғыста қаза болғандарды еске алуға арналған митинг өтті. Бір минут үнсіздіктен соң Саран қаласының әкімі Анатолий Шкарупа жиылған жұртты айтулы мерекемен құттықтады
Қарағанды облысы бойынша 184 соғыс ардагері болса, соның 6-ы Саран қаласында тұрады. Олар үнемі жастар бойына патриотық сезімді ұялатып отансүйгіш рухта тәрбиелеуге атсалысады, деді, өзінің сөз кезегінде Саран қалалық мәслихатының депутаты Рүстем Бекбанов. «Мәңгілік полк» шеруі Саран қаласының көшелерімен жүріп өтті. Олардың құрамында соғыста және елге келіп қаза болғандардың туған-туыстарымен ұрпақтары ардагерлер суреттерін алып шеру сапын толтырды. Соғыс ардагерлерінің құрметіне орай, мерекелік концерт ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы әндер шырқалды. Мерекелік шара одан әрі «Әскери күркеде» жалғасты. Бұл жерде дастархан жайылып ардагерлерге құрмет көрсетілді.Олар «сарбаздар ботқасынан» ауыз тиді.
Сейітқали ӘШІМ