Салтанатты шеруге қатысқан 1000-нан аса нұралық бірлікті ту етіп, Киевка кентіндегі басты көшелерді жүріп өтті

19:32, 1 мамыр 2017

«Бірлік -Тәуелсіздік тірегі» атты салтанатты шеру көшін аудандағы этно-мәдени бірлестік өкілдері бастады. Оны «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін дәріптейтін топ толықтырды.Биыл «ҚР Мемлекеттік рәміздеріне» және «ҚР Қарулы Күштеріне 25 жыл»-деп ұрандап өткен сарбаздар шараның шырайын кіргізді. Арғымақта атойлған азаматтар Қазыбекби бабамыздың 350 жылдығы мен «Алаш» партиясының 100 жылдығын» дәріптеді. Шеруді «Елбасының Жолдауын» арқау еткен топпен Салуатты өмір салатына шақырған жастар түйіндеді. Олар татулық тойына жұмыла ат салысып, орталық стадионда сап түзеді

«Ғасырлар үндестігі» - деп аталатын теарландырылған қойылым Қаз дауысты Қазыбек бидің ұрпағына айтып кеткен ұлағатты өнегесін көрсетті. Ал мына алып үш кейіпкер «ЭКСПО» көремсінің бойтұмары тұмары ретінде таныстырылды. Яғни «Сәуле», «Қуат», «Мөлдір». Меркеде бірге ән салып, би билеу – бұл достық күнінде қалыптасқан дәстүрдің бірі. Содан болар, бүгін Нұра стадионы алдына жиналған жұрттың бірде-бір әуезді ырғаққа елітіп, ән салмай тұра алмады. Нұралық аспаздар  ұзындығы 7 метр болатын мерекелік тортты тұрғындарғатарту етті. Бұл тәтті асты бар болғаны 15 адам  жасап, тағамға 25 келі ұн жұмсапты.  Шараға жиналған қонақтар астың дәмінен ауыз тиді. Нұра ауданының бір шаңырақта тұрып жатқан  35 ұлт өкілінің төрт құбыласы тең.  2 этно мәдени бірлестік жыл сайын тамырын тереңге жайып келеді. Олар Қазақстан халықтар бірлігі күнінде ішкі тұрақтылық - өрлеу мен берекеге  апаратын жалғыз жол екенін айтты.Бақыттың кілті қашанда  бірлікте болатынын жария еткен, мәні мен мағынасы терең,аталмыш мейрам даланы нағыз той-думанға бөледі. 

 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар