Мәңгілік алау маңына жиналғандардың жүзінен қуанышты да, қобалжуды да байқауға болады

12:22, 9 мамыр 2017

Себебі мұндағы әрбір адамның жақыны мен туысы, зұлмат жылдарды бастан өткерді, ал ұрыс даласында қаза тауып, туған жерінің топырағы бұйырмаған азаматтар қаншама. Дегенмен, сол жаужүрек ата-бабаларымыздың арқасында ұрпақтары бейбіт елде өмір сүріп жатыр

Бүгін - жеңістің 72-інші көктемі. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Атаулы күнмен ардагерлерді және қарағандылықтарды облыс әкімі құттықтады.Ұмтылмайтын  жаужүректіліктің белгісін Ерлан Қошанов орамды ойымен бағамдады. Міне, екінші дүниежүзілік соғыста ерен ерлік көрсеткен жасымас жігер мен асқақ рухтың иегерлері.Отан үшін  өлім мен өмірдің ортасында арпалысып жүріп, жеңісті жақындатқан қазақстандық жеңіс солдаттары төрге қошеметпен жайғастырылды. Бүркіт Есжанов  небәрі 19 жасында соғысқа аттанады.1942 жылды  Ленинград қаласындағы әскери-авиациялық училищеде оқып жүрген жерінен бір топ курсантты соғысқа әкетеді. Мәскеу түбінде 5-ші атқыштар дивизиясының құрамында жауға қарсы соғысады. 1943 жылы ол Курск шайқасына қатысады. Осы қанды-қырғында  ауыр жараланған жауынгер госпитальда емделіп шығып майдан даласына қайтып оралады. Мәскеуді, Сталининградты, Латвияны, Литваны, Эстонияны жаудан азат етті. Ұлы Жеңістің жетпіс екі жылдығына арналған мерекелік шеруде Қарағанды гарнизонының әскерилері сап түзеді. Сансыз сарбаз ардагерлерге құрмет көрсетті.Желдің өтінде,шекараның шебінде тұрып жерімізді қорғайтын ұландарымыз қуатты армиямыздың айбынын асырды.«Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» демекші осы баһадүрлерімізді үлгі тұтып,ізет көрсету баршамыздың парызымыз.Өйткені аттары аңызға айналған ардагерлердің  даңқы мәңгілік.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар