«МЕН ҚАЗАҚПЫН». ЖОБАДА АЛҒАШ БОЛЫП ӨНЕР КӨРСЕТКЕН - ҒАЗИЗА ӘБДІРОВА (ВИДЕО)

15:31, 4 қыркүйек 2017

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан «Мен қазақпын» жобасының алғашқы саны эфирге шықты. Еліміздің барлық облыстарында, сондай-ақ, ҚХР, Моңғолия, Ресейде өткен байқауда бақтары жанып, бәйгеден оза шапқан жүйріктер бүгіннен бастап өз өнерлерін ортаға салады. Жобаның шартына сәйкес дәстүрлі ән, терме, күй жанрлары бойынша  әр бағдарламада 7 өнерпаз бақ сынайтын болады. Сайыс соңында қазылар алқасы топтан оза шапқан жүйріктерге дауыс беру арқылы келесі айналымға жолдама береді. Ал, бүгінгі сында алғашқы болып өнер көрсеткен үміткер – Ғазиза Әбдірова. Ақтөбе облысының үмітін арқалап келген өнерпаз 7 жасынан домбыраның құлағында ойнап, ән салған. Ғазиза Әбдірова сахнаға Ғарифолла Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» туындысын алып шықты. Қазылар алқасы әншіге «алғашқы болып шыққаннан болар, сәл толқу болды. «Әншінің дауысы» шалқытып орындалатын ән, сенде жігер жетіспеді», деген сын айтты.

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар