«МЕН ҚАЗАҚПЫН!»

22:45, 19 маусым 2017

Елбасының мақаласында айтылған рухани жаңғыруға қолдау білдіру мақсатында «Қазақстан» ұлттық арнасы Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп, облыстық әкімдік және арнанйы филиалдары қостап «Мен қазақпын» тележобасын ұйымдастыруда. Ұлттық болмысымызды ұлықтайтын ерекше бастама Қарағанды облысына да келіп жетті. Аймақтың термешілері, күйшілері мен дәстүрлі әншілері бақ сынасты

Алдымен өңіріміздің әнші, күйші, термешілері арнайы жеребе тарту рәсіміне қатысқан болатын. Осы орайда, үміткерлерге байқаудың ережесі жан-жақты таныстырылып, «Мен қазақпын» мега жобасының маңыздылығы айтылған болатын.

Жаннұр МҰСЫЛМАНБЕК   «Мен қазақпын» мега жобасына қатысушы

Осыған дейінде қаншама байқауларға қатыстым, бірақ осы телевизиялық жоба ең ерекшесі.

Бұл күні сол жеребе бойынша жобаның облыстағы  іріктеу кезеңіне өз кезектерімен 40-қа жуық өнерпаз қатысты. Сахна төріндегі үміткерлердің киімі қазақы үлгіде нақыштанған. Басты мақсат-облыстың әр аумағына жиылған талант иелері үздік күйші, термеші және дәстүрлі әншілерді анықтап, таланттарға жол ашу. Көптен күткен мегажобаның аймағымыздағы іріктеу кезеңі «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің құттықтау сөзімен ашылды. Мәртебелі мейман қатысушыларға сәттілік тілеп, Қарағанды жерінен әлі талай қазақ өнерінің шынайы дүлдүлдері шығарына сенім білдірді.

Ерлан ҚАРИН    «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы

«Мен қазақпын» халықаралық жобасы Қазақстан ұлттық арнасы үшін» өте маңызды.

Байқауды көруге келгендер де сан жоқ. Зал лық толы. Дәстүрлі әнге құлақ түріп, терме мен күйден сусындады. Шоқтығы  биік  Құрманғазы,  Қазанғап, Тәттімбеттердің және өзге де күйшілердің шығармалары кеншілер сарайының кең залын күмбірге бөледі. Домбыра үніне сусындатқан өнерпаздар арасынан ең үздік дәстүрлі әнші марапатына Әнуар Адамбаев лайық деп танылды. Одан бөлек, әділ қазылар өнер мерекесінде шараның , ең үздік термешісі атағын Байсүгіров Нұрмұхаммед,  және ең үздік күй шебері номинациясын Балқан Смағұловқа табысталды. Байқауға, Алтай қазақтары, Моңғолия, Қытай, Ресейдегі қандастар да қатысуға ниет білдірген көрінеді. Ұлттық болмысымызды боямасыз көрсетіп,  рухымызды  көтеретін  халықаралық жоба әрбір қазақтың санасына сәуле түсірері анық. Ұйымдастырушы тараптың да өңірімізде өткен сайысқа берер бағасы осындай. Байқау барысында қонақтарға ұсынылған көрме де көпшілікті тәнті етті. Зергерлік бұйымдар, ағаштан жасалған қолөнердің түрлері көздің жауын алды. Ең әдемі күміс алқалар мен  мықты зергерлердің қолымен көмкерілген табиғи тастардан жасалған моншақтар талайды тамсандырып жатты. Ал, өңірде  жұмыс жасаған түсірілім тобы енді бұл телевизиялық жобаны «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетеді. Байқаудың толық нұсқасы 3 қыркүйектен бастап ұлттық арнаның эфиріне шыға бастайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар