Қарағандыда ұлы Отан соғысында «Рейхстагты алу» үшін болған шайқастың театрландырылған қойылымы өтті

12:21, 9 мамыр 2017

Бұл ерекше шара 9 мамыр-Жеңіс күніне арнайы ұйымдастырылды. Көпшілік назарына ұсынылған тарихи сәттің қойылымын тамашалауға шақырылған құрметті қонақтар қатарында ардагерлер және қазақтың батыр ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева бар

Сырт көрінісі ұқсас болғандықтан Майқұдықтағы мәдениет үйінің ғимараты Рейхстаг  ретінде пайдаланылған. Қойылымға 200-ден астам қатысушы  арнайы іріктелген. Олар өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай орындап, көпшілікке барынша әсер қалдыруға тырысты. Жалпы Рейхстагты алу үшін болған ұрыс 1945 жылдың 28-ші сәуірінен 2 мамырға дейін созылған. Қойылымды тамашалауға келген халыққа ерекше әсер қалдырған сәттердің бірі  қазақтың батыр ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен кезІ болды. Рақымжан Қошқарбаевтың бейнесін қаладағы спорттық мекемелердің бірінде есепші болып жұмыс істейтін Алмас Әміре сомдады. Ол қойылым кезінде есімі еленбей, батыр атағы берілмей кеңестік саясаттың құрбаны болған Рақымжан Қошқарбаевтың жансарайымен сырласқандай  күй кешіпті.

Алмас ӘМІРЕ, қала тұрғыны

Енді сол кезде беру керек еді соғыстан кейін. Іштей өкініш, бір жағынан реніш дейді ғой өз басымнан өтпесе де сондай сезімде болдым.

Дегенмен ердің есімін туған халқы ұмытпайды. Соның нақты айғағы 1999 жылы 7-мамырда Елбасының Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қазақтың батыр ұлының ұрпағы Әлия Қошқарбаева мен ардагерлер және жиналған жұрт тарихи қойылымды көріп, көздеріне еріксіз жас алды.

Әлия ҚОШҚАРБАЕВА, Рақымжан Қошқарбаевтың қызы

Мен өте ризамын. Бүгін сондай үлкен мереке, жақсы ұйымдастыру болған. Мен ойлаймын әкемнің аруағы өте риза. Ол өте ашық, өте көңілді кісі болған. Ашық жүректі.

Жалпы қойылымның түп мақсаты орындалды,-дейді шараны ұйымдастырушылар. Бастысы жұртқа ой салынды, ерлердің есімі ескерілді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар