Бүгінгі мерекелік шараға аудан тұрғындары мен осындағы көптеген мекемелердің мамандары мен жастары жиналды

12:18, 9 мамыр 2017

Әскери бөлімдердің, құқық қорғау органдарының өкілдері де осында. Орталық алаңға топтасқан қауым алдымен соғыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, үш мәрте көкке оқ атты

Жеңіс күнін жақындатуға күш салған қауым арасында тыл еңбеккерлерінің де орны ерекше. Қан майданда құрбан болған боздақтарға аудан басшысы Қайрат Шайжанов тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.  Жастары жүзді алқымдаған жауынгерлерді айтулы мерекемен құттықтады. Құттықтау соңы - өнерпаз жастардың кешіне жалғасты. Сахналық қойылым барысында батыр қыз Алия Молдағұлова әні шырқалып, жүректерді шымырлатты. Осы орайда жауынгер ботқасынан жүздеген адам дәм татып, әскери өмірдің қызық сәттерін еске түсірді. Ал, бейбіт елдің тұрғындары жеңіс жолында жанын пида еткен боздақтардың есімін еш ұмытпақ емес. Аудан басшысы соғыс ардагері Николай Медведевтың жанұясына сыйлық табыстап, ақ тілегін жеткізді. 97 жасқа жеткен ардагер Сталинград түбіндегі шайқасты жадынан шығарған емес.Соғыстың соңғы солдатының омырауы ордендерге толы. Бүгін бұл марапаттың қатары еліміздің премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың құттықтауымен толықты. Ал, аудан орталығындағы шара мерекелік концертпен жалғасты. Көпшілік тарап кеткенмен жергілікті өнерпаздардың ән шашуы - көпке дейін көкжүзінде қалықтап тұрды. Өйткені бұл –халықтың нағыз мерекесі!

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар