Бірліктің белгісін айқындайтын мереке ауданда айрықша шерумен бастау алды

19:34, 1 мамыр 2017

Шуақты мерекеде «ақ-қарамыз, сарымыз - ағайынбыз бәріміз» деп білген 7000 мың адам тұтас татулықтың үлгісін көрсетті.Айрандай ұйыған ынтымақты әспеттеген мейрамда 60-қа жуық мекеменің ұжымы арқаны қоздырырар, намысты қамшылар ұрандармен көрерменнің рухын аспандатты

Жаңаарқа ауданында 10-ға жуық ұлттар мен ұлыстар бейбіт ғұмыр кешуде. Алаңда  келісім мен тұрақтылықтың  көрінісі - Елбасының еселі еңбегімен  ұштасып жатты. Көпшіліктің көңілі қияда қалықтаған қырандай тояттады. Танымды  театрландырылған қойылымда  еліміздегі халықтардың өнері өрлеп мен дәстүрі дәріптелді. Әртүрлі ұлыстардың тірлігі мен сипатын  өрендер киімдерімен  келістіріп, өлеңдерімен өргені  арадағы алтын қазық саналған сыйластықты сезіндірді. Жастардың бірі -тамылжыта ән шырқады, енді бірі мың бұрала би биледі. Зеңгір көкке жіберілген 5000 –ға тарта шарда бекемділіктің нағыз нышаны іспеттес. Түрі  бөлек болғанымен,тілегі бір тұрғындардың арнайы дайындаған  украин,  орыс, өзбек, ұйғыр және  қазақ халықтарының  ас-дәмі атаулы шараның көркін кіргізді. Әсіресе, Бименде Амалбек атындағы мектем ұжымы дайындаған татар халқының бәліші қонақтардың тілін үйірді. Тәбетті ашатын  тағам түрлерінен  келген қонақтар тегін дәм татты. Мерекелік –жәрменке шараның мерейін үстем етті. Қарағандылық кәсіпкерлер құрылыс материалдарын арзан бағамен саудалады.Отандық өнімдерге жалпақ  жұрт ұзынсонар кезекке тұрды. Ауданда ұлттық спорттың жалауы желбіреді.Алып жігіттер кір тасын кілт көтергендей көрмеді. Сен тұр , мен атайын деген жастар төл ойындарды түлетті. Екі топқа бөлініп,арқан тартысты. Балғындар асыр салып асық ойнады. Қысқасы, көңілі  жарасқан Жаңаарқалықтар берекені көктен тілемейді, бірлігі мол көптен тілейтінін құлақ естіп, көз көрді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР
16:45, 8 қыркүйек 2017
АРМАН ШОРАЕВ: ОСЫ ЖОЛҒЫ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» ТУРНИРІНДЕ ОҢ ӨЗГЕРІСТ...
Толығырақ...
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРДІ
16:43, 8 қыркүйек 2017
ЕЛДОС СМЕТОВ «ӘЛЕМ БАРЫСЫ» БАС ЖҮЛДЕСІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ҚАЛУЫНА Т...
Толығырақ...
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨСІП КЕЛЕДІ
16:34, 8 қыркүйек 2017
ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ: ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ДЕҢГЕЙІ КҮННЕН-КҮНГЕ ӨС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар