«Арнадым саған... »

«Арнадым саған» хабары

Авторы әрі жүргізуші  - Әділбек Құмар

Режиссер -  Қаршыға Игенов

Ұзақтығы – 35 минут.

Эфирге шығатын күні – жұма, 19:00

Эфирлік жиілігі – айына 2 рет.

Жанры –телебайқау.

Тілі – қазақша.

Тележобаның мақсаты: Ел арасында жүрген, мамандығы басқа болса да жүрегі, жаны әнді қалайтын жандарға қолдау көрсетіп,  көгілдір экранға шығару,  өнерге ән-күйге бейімі бар талант иелерін анықтап, оларға қолдау көрсету.

Елімізге, облысымызға танымал тұлғалардың  (ақын, сазгер, әнші, күйші  т.б) шығармашылығын өсіп келе жатқан ұрпаққа кеңінен дәріптеу.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

  •  «Арнадым саған...» деген атына сай қатысушы өз орындауындағы әнін белгілі біреуге арнайды (туған жеріне, ата-анасына, сүйіктісіне т.б.);
  •  Әннің мазмұнына мән беру;
  •  Сахна мәдениетін сақтау;
  •  Киім үлгісіне мән беру. 

 

Хабардың мазмұны:

  1. Әр бағдарлама барысында 5 қатысушы таңдалып алынып бес түрлі кейіпкер яғни бес түрлі маман иесі  әуезді ән орындайды. (Алдын-ала ән орындау шеберлігі, киім үлгілері  редактордың қадағалауынан өтеді.)
  2. Хабарға қатысушы әрбір кейіпкер шықпас бұрын, қатысушының    жұмыс орыны немесе шұғылданатын күнделікті іс-әрекеті жайлы алдын –ала дайындалған бейне       сюжетпен бастаймыз.
  3. Ән орындап болған соң әрбір қатысушыға дәстүрлі сұрақ қойылады. «Бұл әнді кімге арнадыңыз?»- деген. т.б сұрақтар қойылуы мүмкін.
  4. Қатысушы ән орындап жатқанда арасында кейіпкерлерді қолдап келген қонақтардың әсерлері экран арқылы беріледі.
  5. Хабардың соңында  әр хабарға қатысушылар белгілеген  қорапқа жасырын түрде 5 орындаушының ішінен үздігін өздері анықтайтын болады. Мыс. Белгілі бір орындаушының есімін жазып қорапқа салады.  Шағын үзілістен соң жүргізуші үздік шыққан екі орындаушыға  үш айда бір рет болатын кала-концертке жолдама береді. 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25