Жүрекжұтқандар мен тәуекелден танбайтындар автокөлік жарысына қатысты

16:56, 7 тамыз 2017

«Джимхан» Кубогы үшін Қазақстанның әр қаласынын келген олар бірден бақтарын сынауға кірісіп кетті.. Ұйымдастырушылар - Қазақстанның автоспорт федерациясы жыл сайын қатысушылар саны көбейіп, елімізде бұл спорт түріне қызығушылық артқанын айтады

«Джимхан» көлік сайысы бойынша жарыс Қарағандыда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Шараға «L», «D»  және «Е» санатындағы сертификаты бар жүргізушілер қатысады. Сонымен қатар жарыста бақ сынағысы келетіндерде рұқсат беретін медициналық анықтама мен жүргізуші құжаты болуы керек. Сайыста жасанды кедергілер арқылы жүргізушілер жылдам жүріп өтуі тиіс. Бұл спорт түрі алдымен Жапонияда басталып, кейін АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерінде дами түскен. Қазір Қазақстанда да танымалдылығы артуда. Жолға автомобиль дөңгелектері мен бөшкелер секілді кедергілер қойылады. Жүргізуші оларды белгіленген тәртіп бойынша жәй ғана жүріп өтпей, әртүрлі жүргізу техникасын көрсетеді. Джимхан қатысушысы 180, тіпті 360 градусқа бұрылып, өнер көрсетеді. Жаттығулар ішінде артпен жүруде кездеседі.Еңбастысы- кедергісіз, тез әрі әдемі өту, тағы да басқа қиын талаптарды орындау қажет.

Борис БОЯРКИН жарысқа қатысушы

Мен жарысқа жыл сайын қатысамын. Бәсеке әртүрлі қашықтықта орындалады. Жолда, құмда жүреміз. Бүгін бізде джимхан бойынша чемпионат өтуде. Көрермендер өте мәнерлі элементтермен жүргізуді тамашалайды. Арнайы қойылған белгілін қағып өтсең, саған ұпай беріледі. Бұл өте қызықты жарыс.

Жарысқа әртүрлі тартипасы бар жеңіл көліктер қатыса алады. Басты талап – темір тұлпар техникалық тексерістен өткен болуы керек. Қатысушы 5 мың теңге төлейді.

Максим УДАЛОВ жарыс ұйымдастырушысы

Жыл сайын мықты көліктер қатарға қосылады. Дөңгелегі мықты болуы керек. Ал ол арзан тұрмайды. Барлығы қатысқысы келеді, бірақ көбінде мүмкіндік жоқ.

Ұйымдастырушылар Қазақстанда автоспортқа қызығушылық танытушылар қатары артып келе жатқанын айтады. Биыл 10 қытусышы өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын қабылдады
18:42, 12 қазан 2017
Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...