Жерлесіміз Ислам Бозбаев «Үлкен дулыға» атты халықаралық турнирден жеңіспен оралды

18:21, 15 наурыз 2017

Баку төрінде даңқты дзюдошы қазақтың абыройын асқақтатып, алтыннан алқа тағынды

Бұған дейін Ислам Бозбаевтың бағы жанбай,бәсі биік бәйгелерден  шеттетілген еді. Араға екі жыл салып жерлесіміз жиырма алты жасында жасындай жарқырады.Әзербайжанның астанасында айды аспаннан шығарып, чемпион атанды.

Дүбірлі додада оғланымыз 90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.Ол алғашқы айналымда Әзербайжан спортшысы АсланМырзаевты иппон әдісімен ұтты.Екінші белдесуінде нидерландылық Ван Тенд Ноелдің жауырынын  жер иіскетті.Ал жартылай финалда Турал Сафгулиевті  жеңісті жолдан жаңылдырды. Финалдық кездесуде  тағыда  әзербайжан дзюдошысы Маммадали Мехдиевпен белдесті. Қабылан жүрек,сом білек қарсыласын сайыпқыранымыз оң жамбасына түсірді.Тәжірбиелі тактикасының арқасында Ислам екі рет вазари ұпайын еншіледі.

Жалпы командалық есепте Қазақстан отыздан астам елдің ішінде сегізінші орынға тұрақтады.Кіл мықтылар сынға түскен жарысқа  елімізден 14 спортшы қатысты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын қабылдады
18:42, 12 қазан 2017
Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...