Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын қабылдады

18:42, 12 қазан 2017

Жарыс алаңында футболшылар жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Алайда кеншілер үшін бұл кездесу сәтсіз аяқталды

Теміртау стадионына қос мықты команда тартысты ойын көрсетті. Олар үнемі жеңіс жолында жүрген спорт ұжымдары. Алайда стадионда бұл жолы жанкүйерлер әдеттегіден аз. Жарыстың алғашқы минуттарында «Астана» жеңістен үмітті екендіктерін байқатты. Ал қарағандылық команда бірден қарсыластар қақпасын нысанаға алып, толассыз шабуыл  жасаумен болды. Дегенмен, жарыстың 70-інші минутында астананалық Жуниор Кабананга соққан гол есепті ашты.

Саулюс ШИРМЯЛИС «Шахтер» футбол клубының бас жаттықтырушысы

Астаналық команда спортшылары біздің командаға қарағанда мықтырақ ойнады. Өкінішке орай, 1ұпаймен орап кетті. Қолдау көрсетіп келген көрермендерге  алғыс айтамын.

Елордалық футболшылар үшін бұл жеңіс жаңалық емес. Себебі, олар Европада Қазақстан атынан шығатын көш бастап тұрған командалардың бірі.

Станимир СТОИЛОВ  «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы 

Ойын тартысты әрі қызықты болды. Қарағандылықтар да өздерін жақсы қырынан көретті. Десе де біздің команда 1:0 есебімен женіске жетті.

Турнирлік кестеде Шахтерлар жалпы есепте  7-ші орынын сақтап қалды. Енді  кеншілер құрамы Қызылорданың «Кайсар» командасын Қарағанды алаңында қарсы алады. Байрақты бәске  15-ші қазанда, яғни, жексенбі күні өткізілмекші.

Айдана ДАСТАН 

Тақырып бойынша материалдар

Қарағанды қаласының жеңіл атлеті - Аделина Ахметова Тегеранда өткен Азия чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды
14:58, 15 ақпан 2018
Қарағанды қаласының жеңіл атлеті - Аделина Ахметова Тегеранд...
Толығырақ...
Санкт-Петерборда өткен MMA-Ghallenge 87 халықаралық турнирінде жеңіспен елге оралған жерлесіміз Шавкат Рахмоновтың қатысуымен баспасөз отырысы болды
14:51, 14 ақпан 2018
Санкт-Петерборда өткен MMA-Ghallenge 87 халықаралық турнирін...
Толығырақ...
Биыл, Кеңес  әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына – 29жыл
15:55, 13 ақпан 2018
Биыл, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына – 29жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан суретшілерінің мұрасы» атты көрме ұйымдастырылды
12:50, 20 ақпан 2018
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейінде «Қазақстан сурет...
Толығырақ...