«Сарыарқа» командасы жаңа жылды жеңіспен бастады

Жерлестеріміз жоғарғы хоккей лигасының кезекті ойынында Төменгі Тагилдың «Спутник» клубын ұтты

17:53, 11 қаңтар 2017   50

Биылғы жылы«Сарыарқа» хоккей командасы турнирлік кестеде төртінші орында тұр. Қарағандылықтарға қарағанда «Спутник» сайыпқырандарының бәсі бір саты төмен. Арқа спортшыларының  аңқаулығын әу баста аңғарған көршілес мемлекеттің әккі ойыншысы Иван Иванов алқынып,есепті алғаш болып ашты. Іле-шала яғни қырық секундтан кейін Сергей Банашков кеткен есені қайтарды. Әрі сынаптай сырғыған сын сағатындағы сайыста  ұпайды ұтымды теңестірді.

Үшінші айналымда хоккейшілеріміз қарсыластар қақпасына қарай шексіз шабуылдай берді. Нәбәрі матчтың аяқталуына төрт минут қалғанда кенді өңір оғландары екі жеп биге шықты.Көздеген межелеріне жетіп, тартысты жарысты 2:1 есебімен түйіндеді.

Жалпы алғанда «Сарыарқа» командасы 73 ұпай жинады.Қаңтар айының он екінші жұлдызы күні саңлақтарымыз өз айдынында  Ресейдің «Молот-Прикамье» командасын қабылдайды. 

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25