Осакаров ауданында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында облыстық біріншілік өтті

14:20, 13 ақпан 2018

Боз кілемшілерді Ел чемпионатына іріктеу мақсатында өткен сайысқа 200-ден астам жас палуан қатысты

Күрес десе, делебесі қозатын қазақ баласы үшін бұл спорт түрінің орны ерекше. Сондықтан болар, жастардың қызығушылығы  жоғары.Сайысқа қатысушы 205 жас палуан облыстың түкпір- түкпірінен жиылған. 12 жасар Бердібек Үмбетхан үшін бағы мен бабын қатар оздырудан басқа амалы қалмады.52 келіде Осакаров ауданы атынан сынға түскен  Бердібек, өз жерінде өтіп жатқан додада барынша жеңісті қолдан бермеуге тырысты.Іріктеу кезеңінде ол Теміртау, Қарағанды, Жезқазған қалалары спортшыларынан айласын асырды.

Бердібек ҮМБЕТХАН үміткер

Сайыс жоғары жеңгейде өтуде деп ойлаймын. Жәрі жақсы дайындалған. Өз жерімде өткен соң намысты қолдан бермеуге тырыстым. Жақсы күрестім деп ойлаймын.

Боз кілемде жас палуандар 9 түрлі салмақ дәрежесі бойынша белдесті.Ал, жарыста әділ төрелік ету мақсатында бас төреші міндеті Нұрмұхамбет Жайлаубайға бұйырыпты. Бүгінде, Бұқар жырау ауданында талай шәкіртті қазақ күресіне баулып жүрген бапкер жас спортшылардың аяқ алысына жоғары бағасын берді.

Нұрмұхамбет ЖАЙЛАУБАЙ бас төреші

Қазақ күресі мықты дамып келеді. Қазақстан барысы, Азия барысы секілді жоғары республикалық сайыстар осы жастарға қанаттануға жол ашты. Соларды үлгі етуде. Бұлардың ішінде де оңайы жоқ.

Облыстық біріншілікте жеңіс тұғырын  бағындыруда, үміткерлер  бар айланы сарапқа салып, қарсыластарын таза әдіспен бағындыруға тырысты. Дүбірлі доданы қалт жібермей тамашалаған  жанкүйерлерде жас палуандарының боз кілемдегі шат қимылдарына тәнті болды. Аудандық мәслихат хатшысы Қанат Саққұлақов болса, ел Тәуелсіздігінен бері қазақ күресінің өзіне жасалған көмектің ұшан -теңіз екендігіне тоқталды.

Қанат САҚҚҰЛАҚОВ   Осакаров ауданы мәслихатының хатшысы

Елбасы айтқандай, адам денсаулығы, салауатты өмір салтын ұстануда ауданда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Жастарға осындай спорттық нысандар берілуде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ тілші 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар