Облысымызда мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер арасында суда жүзуден жарыс басталды

16:37, 15 наурыз 2017

Оған еліміздің Астана қаласымен қатар 8 облысынан жас спортшылар қатысып жатыр

Бауыржан Қабатовтың суда жүзумен айналысып жүргеніне 10 жылдың жүзі болған. Бірқатар бәсекеде бағы жанған ол ҚР чемпионы деген атақта алып үлгерген. Тірек қимылында ақауы бар Бауыржан өмірге деген ұмтылысын спортпен байланыстырады. Қашықтыққа жүзуден алдына жан салмайтын ол үш күндік сайыстың жеңімпазы болатынына сенімді.

Сайысқа еліміздің әр аймағынан 18 жасқа дейінгі 80-ге жуық спортшы қатысуда. Бірінің құлағы естімесе, енді бірінің көзінде кемістік бар. Тіпті, бір қолының жоқтығына қарамастан шапшаң жүзетін жеткіншектер де аз емес.Мұндай кемшіліктер адамныңжігерін мұқалтып, дамуына еш кедергі бола алмайтынын көрсетті.

Жарыс барысында жеңімпаздар уақыт айырмашылығы бойынша анықталмақ. Олардың бассейндегі бар қимылын жеті адамнан құралған арнайы қазылар бақылауда.

Бассейндегі бәсекеде сайыскерлер үш күн бойы өзара кім мықтыны анықтамақ. Ал, әр қашықтықта үздік деп танылғандар жыл соңында Дубайда өтетін Азия ойындарына жолдама алмақ. Ендеше, спортқа шектеу жоқ деген ұранмен өмір сүретін жастардың жеңісті күндерде жүздестірер сәттері де алыс емес.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ 

Тақырып бойынша материалдар

Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын қабылдады
18:42, 12 қазан 2017
Теміртау қаласында «Шахтер» командасы «Астана» футбол клубын...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...