Қарағандылық ауыр атлетші Артем Антропов әлем чемпионатында жеңістің жалауын желбіретті

15:41, 19 сәуір 2017

Байрақты бәсекеде жерлесіміз салмағы 323 келі зілтемірді ойланбай-ақ көтерген.Елу елдің арасынан есесін жібермей еншісін алған, төрешілердің көз алдында тұлпардай тарпыған саңлақ бүгінде ашық жаттығу жасауғада кірісіп кетті

Ашық түрдегі тыңғылықты дайындығын жас жігіт жеңістің қызуымен арқаланып бастады.Арманы асқақ спортшыны алдында әлі біршама белестер күтіп тұр.Үш аптадан кейін оғланымыз Шымкентте өтетін сайыста кіл мықтылармен күш сынасады. Сайыпқыран ауыр атлетикадан он  екі жылдан бері бірде-бір қол үзген емес. Арқа азаматының тоқтаусыз төккен тері мен еселі еңбегі ақталды. Ақырында Артем  айды аспаннан шығарып әлем біріншілігінде алтын медальмен апталды.Өздерін бек сенімді санаған Польша мен Иран елдері спортшыларында қапыда қалдырды.

 

Артем АНТРОПОВ ауыр атлетикадан әлем чемпионы

Қазан қаласында  әжептауір тәжірбиемді толықтырып,тынысымды аштым. Онда үш мәрте өнер көрсеттім.  Бұл жетістігіммен тұрып қалмайтыным анық.  Мен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар боламын.

 

Өткен жылы жерлесіміз әлем бойынша шың шеберлердің арасында жетінші орынға тұрақтаған.Топ жарған тарланбоз  төрткүл дүниеге еліміздің атын дәлелдеді.  Чемпионатқа елу мемлекеттен 450 атлетші қатысты.  Дүбірлі додада Қазақстан намысын 16 саңлақ қорғады. Беделі бес қарудай Артем  2020 жылы Токиодо өтетін олимпида  ойындарында сынға түсуден  үмітті.

 

Иван СНЕГУРОВ бапкер

Аударма:Шәкіртім шыңға шығады.Үмітімді ақтайтыны сөзсіз.Оның көзінде олимпиада чемпионы секілді от ойнап тұр.  Бойында ешкім тартып ала алмайтын қайсарлық бар.

Қазір жастар жаттығуын жалғастыруда.Демек келешектегі олимпиадан күтеріміз көп.Тек арландарымыздың асығы алшысынан түссе игі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Бахрейнде  өткен Әлем чемпионатында қазақстандық  ММА құрама конандасы үздік нәтиже көрсетті
12:46, 24 қараша 2017
Бахрейнде өткен Әлем чемпионатында қазақстандық ММА құрама...
Толығырақ...
«Қайрат» ұлттық спорт мектебі тұңғыш  президент күніне орай садақ ату мен асық ойнаудан жарыс ұйымдастырды
12:05, 23 қараша 2017
«Қайрат» ұлттық спорт мектебі тұңғыш президент күніне орай...
Толығырақ...
Қарағандыда грек-рим күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды
14:26, 22 қараша 2017
Қарағандыда грек-рим күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...