Қарағандыда өтетін «Арманға жол» жеңіл атлетика марафонына 425 астам адам тіркеліп отыр

Әзірге қатысуға ниет білідіріп отырғандарының басып көпшілігі Қарағанды қаласынан. Бұдан бөлек тізімде Ресей, Қырғызстан елдерінің спорт сүйер қауымы да бар. Бұл өңірлілік коммуникация қызметінің брифингісінде мәлімделді

21:10, 18 мамыр 2017   83

Марафонның ең ұзақ  қашықтығы 21 шақырымды құрамақ. Қатысушылар жасына қарай «Балапан», «Дружба" және "Спутник" деп аталатын топ топпен жүгіреді.   Барлық үміткерлер ақ жейде мен безболка киеді, қолдарына  спорттық білезік  тағады.  Жалпы  жүлде құры 4 млн.тенгены құрап отыр. Яғни, жүзден жүйрік атанған 10 үміткер ақшалай сыйлыққа қол жеткізеді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА «Қазақстан Қарағанды» телеарнасының тілші

Әрине бастысы жеңіс емес қатысу деп жатамыз ғой. Алайда әлемнен келіп қатысатын марафоншылар үшін біріні орын 300 мың теңге болуы аздық етпейді ма?

Ерден Халилин Ә.Молдағұлова атындағы спорт мектеп-интернатының басшысы 

Жетістіктер болып жатқан жағлдайда қосымша сыйлықтар қарастырылған. Бұл мақсатта демеушілер қарастырып жатырмыз.

Журналистерді марафон өтетін 3 маусым күні жол кептетілісі орын алама деген сұрақ мазалады. Себебі спортшылар  «Карағанды-Арена» мұз айдынанан бастап, Мұқанов, Бөкетов көшелерімен республика даңғылы бойынан жүгіріп өтулері тиіс. Шара 3 жарым сағатқа созылуы мүмкін. Сондықтан жол полиция қызметкерлері айналма жол қарастырады.

Наталья СУХОРУКОВА облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жетекшісі

Айналма жол қарастырылған. Мангум сауда үйәмен Университет көшесі тәрізді 2 бағыт бар. Сондықтан автокөлік  қозғалысы үшін проблема болмайды деп ойлаймын. Басында Қарағанды қаласының қақ ортасындағы Лободы көшесінен Ленин көшесі аралығында өткіземіз ба деген жоспар болған. Алайда бұл жақта айналма жол болмағандықтан бағытты ауыстырдық. 

«Арманға жол» марафоны өтетін  күн нағыз мерекеге айналады- дейді жауаптылар. Концерт ұсынылып, «Денсаулық бұрышы» және «Білім бұрышы» ұйымдастырлады. Онда шараның көрермендері мен  қатысушылары тегін флюрографиядан өтіп, білім саласындағы тың жаңалықтармен таныса алады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25