«Қарағанды» атты волейбол клубы сатылымға қойылды

12:58, 12 шілде 2017

Негізі облысымызда 24 нысан жекешелендіру бағдарламасының шеңберінде меншікке өткізіледі.Жекешелендірудің талаптарына сай келмейтін бес ғимарат бүгінде таратылуға түбегейлі дайын

Жекешелендірудің жүйелі жоспарына «Қарағанды» волейбол клубыда әсте кірген.Нысан сатылымға алғашқы рет   мамыр  айының жиырма бірі күні түсті.Ал екінші мәрте  маусымның отызы аралығында қойылды. Бірақ белгіленген уақытта  клубты меншікке алатын қожайын   табылмады. Тіпті үшінші кезекте ұйым таратылуы бек мүмкін дейді Нұрлан Садықов мырза.

Нұрлан САДЫҚОВ «Қарағанды» ВК жетекшісі

Егерде команда ыдырайтын болса аймағымыз әккі спортшыларды жоғалтады. Еншісіне ешкім алмаса  саңлақтар жан-жаққа  кетуге мәжбүр.Енді атымтай азаматтарға үміт артамыз.Кім білсін бәлкім көмектесетін шығар.

Дәл қазіргі уақытта спорт клубында 96 қыз тоспа доппен шұғылданады. Олардың  арасында он екі спорт шебері  және ұлттық құраманың белді мүшелері бар.Мұнда волейболмен айналысатын аруларға  жаттығу әзірге тегін жүргізіледі.Жыл сайын осы нысандарды сақтау үшін мемлекет 170 миллион теңге қаржы жұмсайды.Келешекте қазынаға түсер салмақты азайтып, ұйымды бәсекелестік ортаға беруді көздеп отыр басшылар.

Рүстем ҚОЖАБЕКОВ облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары

Бастауалды бағыт Қазақстандағы спорт  саласының  көкжиегін кеңейтудің бірінші қадамы іспеттес. Бұл біз үшін жаңашылыдық. Мәселен Алматының Қайраты  жекеменшіктің құзырына берілген. Шетелде  осындай үрдіс жақсы қалыптасқан.

Мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы мамандарының  пайымдауынша желтоқсан айында «Шахтер»және «Сарыарқа» клубтары ауционға түседі Бүгінде ұйымдардың саудаланатын бағалалалары нақтыланып жатыр. Бюджеттен әр нысанға жылына 2 миллиардақ жуық ақша бөлінеді. Айтпақшы балалар ауруханасы мен «Тұлпар» шағын футбол клубыда сатылмақ.

Айжан Серікқызы мемлекеттік автивтер және сатып алу басқармасы басшысының орынбасары

Жұмыс  2014 жылдан бері басталды.Сол жылы президен өз жолдауында жекешелендірудің үлкен толқынын жариялады.  Елбасы әр өңірге тиісті тапсырмалар жүктеді. Экономика министрлігі  ғимараттарды  жіпше тізді Бұл бір жағынан бәсекеге қабілеттілікті арттырады.

Нысандар туралы мәліметтерді госреестр нүкте кз  веб-порталынан біле аласыз.  Волейбол клубының бағасы 9 миллион 600 тың теңгені тұрады.Екі рет саудаға түскеннен кейін оның  құны екі милионға төмендеді. Ресми түрдегі сатылым шілде айының жиырма алтысы күні өтеді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Бахрейнде  өткен Әлем чемпионатында қазақстандық  ММА құрама конандасы үздік нәтиже көрсетті
12:46, 24 қараша 2017
Бахрейнде өткен Әлем чемпионатында қазақстандық ММА құрама...
Толығырақ...
«Қайрат» ұлттық спорт мектебі тұңғыш  президент күніне орай садақ ату мен асық ойнаудан жарыс ұйымдастырды
12:05, 23 қараша 2017
«Қайрат» ұлттық спорт мектебі тұңғыш президент күніне орай...
Толығырақ...
Қарағандыда грек-рим күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды
14:26, 22 қараша 2017
Қарағандыда грек-рим күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...